a group of cattle grazing on a lush green hillside

Қазақстандағы Жаһандық Экологиялық Қордың Шағын Гранттар Бағдарламасының жетінші операциялық фазасы

Жоба 1992 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау саммитінде құрылған және әлемнің 136 елінде іске асырылатын Жаһандық экологиялық қордың (ЖЭҚ) бастамасы болып табылады. ЖЭҚ Шағын гранттар бағдарламасы экологиялық мәселелерді шешуге және әлеуметтік әрі экономикалық әл-ауқатты жақсартуға бағытталған инновациялық, интеграцияланған шараларды әзірлеу және енгізу үшін үкіметтік емес ұйымдар мен жергілікті қоғамдастықтарға қаржылық, консультациялық және техникалық қолдау көрсетеді. 

1997 жылдан бастап Қазақстандағы Шағын гранттар бағдарламасы жергілікті азаматтық қоғамдастықтар мен қоғамдық ұйымдарға қаржылық және техникалық көмек көрсетеді. Ағымдағы фаза, Операциялық фаза 7 (PMG-7)
2023 жылдың шілдесінде басталды және климаттың өзгеруі (соның ішінде жұмсарту шаралары, бейімделу, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану және энергия тиімділігі), сондай-ақ жердің деградациясы және жер мен суды орнықты басқару сияқты тақырыптық салаларға назар аудара отырып, әртүрлі мүдделі тараптарды қамтиды. 

Жоба жергілікті қоғамдастықтар мен қоғамдық коммерциялық емес үкіметтік емес ұйымдарды PMG-7 бағдарламасымен қамтылған өңірлердегі әлеуметтік және экологиялық орнықтылықты жақсарту үшін кешенді және бейімделу шараларын жүзеге асыруда қолдайды, бұл қорыта келгенде өмір сүрудің орнықты құралдарын қамтамасыз етеді, сондай-ақ жергілікті және жаһандық экологиялық артықшылықтарға үлесін қосады.

Жобаның мақсаты «жергілікті қоғамдастықтар мен ұйымдардың жергілікті және жаһандық экологиялық артықшылықтарға қол жеткізу үшін жеті нысаналы ландшафтта әлеуметтік-экологиялық орнықтылық пен орнықты өмір сүру үшін интеграцияланған және бейімделу әрекеттерін қабылдау мүмкіндігін нығайту» болып табылады.

Жоба үйлестірушісі:

 Жарас Тугулбаев

Email: zharas.tugulbayev@undp.org 

Жобаның ұзақтығы:

2023 жылғы шілде –2026 жылғы тамыз 

Бюджеті:

1.826.484 АҚШ долл.

Донор:

Жаһандық экологиялық қор (ЖЭҚ)